Денсаулық сақтау министрлігі елде бір тәулікте 2590 адамнан коронавирус, 76 адамнан пневмония анықталғанын хабарлады.
24 науқас коронавирустан, 3 науқас пневмониядан көз жұмған.
2 шілдедегі мәлімет бойынша, 27 261 адам коронавирус инфекциясынан емделңп жатыр. Олардың ішінде 8 255 пациент стационарда, 19 006 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 517 адамның жағдайы ауыр, 118 пациенттің жағдайы өте ауыр, 72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстанда соңғы апталарда коронавирустың мутацияға ұшыраған үнді штаммының таралуына байланысты індет жұқтыру жағдайлары артқан.
Билік азаматтарды вакцина салдыруға шақырып, вакцинацияға көпшілікті ынталандыру мақсатында республика бойынша түрлі ұтыс ойындары ұйымдастырылып, жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Сондай-ақ бас санитар дәрігер жаңа қаулы шығарып, барлық дерлік кәсіпкерлік нысандарға қызметкерлерін вакцина салдыруға міндеттеді. Вакцина салдырған қызметкерлер әр апта сайын өз қаражатына ПТР тест тапсырып тұруға тиіс.
2 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 3 502 814 адам, II компонентін 2 085 919 адам салдырған.
Пікір қалдыру