Президент Қ.Тоқаев бірнеше кадрлық ауыс-түйіс жасады.
Алмат Мұратұлы Байшолақов президент әкімшілігінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, Ол бұл қызметке 2019 жылдың тамыз айында қызметке орналасқан. Ол прокуратура органдарында және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ құрылымында қызмет еткен.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына, Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың інісі Мәди Атамқұлов президент протоколының бастығы лауазымынан босатылып, Қазақстанның Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалғаны хабарланған.
Ал президент протокол қызметінің бастығы лауазымына Дмитрий Леонидович Михно тағайындалса, бұған дейін Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын атқырып келген Ғабит Сыздықбековтың қайда кеткені әзірге белгісіз.
Пікір қалдыру