Қазғарыш делегациясы Нидерланды ғарыш кеңсесінің шақыруы бойынша, сондай-ақ Нидерланды Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен ғарыш саласындағы бірқатар шағын және орта кәсіпорындарға барып қайтты. Қазғарыш төрағасының орынбасары М.Молдабеков бастаған делегациясының құрамына ҚР ҰҒА, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ-ның өкілдері енді. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
Делегацияның жұмыс кестесі аса тығыз болды. Үш күннің ішінде Қазғарыш өкілдері ISIS, Dutch Space, Cosine Research, SSBV және Bradford Engineering қоса алғанда 8 нидерландық кәсіпорынды көріп қайтты. Жұмыс сапары бағдарламасының жоғары қарқынына қарамастан компаниялармен потенциалды ынтымақтастық бағыттары бойынша ресми емес келісімдерге қол жеткізілді. Нидерланды Корольдігінің кәсіпорындары қазақстандық мамандарды ғылыми зерттемелер, жобалау жұмыстары мен коммерциялық өнеркәсіптік өнімдерді шығару аясында құрастырылатын өз өнімдерімен таныстырды. Ғылыми ақпаратпен алмасу, қазақстандық мамандардың тәжірибелік стажировкадан өту, салынып жатқан Құрастыру-сынау кешенінде жасауға жоспарланатын қазақстандық ғарыш аппараттары үшін құрамдас бөлшектерді делдалсыз жіберу жөнінде келісімдер жасалды. Қазақстандық мамандар ерекше инновациялық атмосфераны, сонымен қатар Нидерланды кәсіпорындарының іскерлік және техникалық ашықтығын атап өтті.
Пікір қалдыру