Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болған

/image/2021/07/22/crop-13_1_436x774_photo_350985.jpeg

21 шілдеде ПТР тест арқылы 5708 адамнан коронавирус, 34 адамнан пневмония анықталған. 20 шілдеде 64 науқас коронавирустан, 13 науқас пневмониядан қайтыс болған.

22 шілдедегі мәлімет бойынша, 65 808 адам коронавирустан, 1667 адам пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 20 526 пациент стационарда, 46 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 1190 адамның жағдайы ауыр, 272 пациенттің жағдайы өте ауыр, 168 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша 15 аймақ – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта.

Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары  "сары" аймақта.

2021 жылғы 22 шілдедегі мәліметке сай, Қазақстанда 5 009 408 адам вакцинаның бірінші компонентін, 2 992 214 адам екінші компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар