"Жалақыны 100 пайызға көтерсін". Мұнайшылар видеоүндеу жолдады

/image/2021/07/22/crop-77_8_436x581_photo_368522.jpeg

Маңғыстау облысында бірнеше компанияның қызметкерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Бұл туралы lada.kz сайты хабарлады.

21 шілдеде Жаңаөзен қаласындағы "Oilfield equipment and service" (OES) ЖШС мен "Ақтау мұнай сервистік компаниясы" ЖШС қызметкерлері және Маңғыстау облысындағы басқа кен орындары компаниялары қызметкерлері еңбек жағдайына байланысты талап қойды.

– Бірінші еңбек келісімшартын беруді, екінші жалақыны 100 пайызға көтеруді, үшінші жылына екі рет Тәуелсіздік күнінде және Мұнайшылар күнінде сыйақы төлеуді, төртінші аймақтық коэффицентті (қолайсыз климанттық аймақты-ред) ескеруді, бесінші жыл соңында 13-ші еңбекақыны төлеуін талап етеміз! Осы талап орындалмайынша жұмысты тоқтатамыз, – дейді бір топ жұмысшылар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар