БҚО-да мектеп оқушысы абайсызда өзін атып өлтірген

/image/2021/07/22/crop-3_46_445x791_oruzhiya.jpg

16 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Бисен ауылында 11 жастағы жасөспірім өзін карабин тапаншасымен абайсызда атып өлтірген, деп жазады Mgorod сайты. Ақпаратты облыс әкімдігі растады.

11 жасар бала алған жарақатынан сол жерде қайтыс болған.

– Отағасы жеке шаруақожалығымен айналысады. Қайғылы оқиға дәл қалай болғанын айта алмаймыз, – деп хабарлады Бөкейорда ауданының әкімшілігіндегілер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға болған кезде жасөспірімнің ата-анасы үйде болмаған.

– Жедел жәрдемге қоңырау сағат 12.30-да келіп түсті. Өкінішке қарай, бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, – деді департамент өкілі.

Қайтыс болған бала биыл 6-сыныпты бітірген. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар