Ажар Ғинаят: Қайтыс болғандар вакцина алғанда өмірде қалар еді

/image/2021/07/23/crop-19_12_674x899_crop-206_4_697x929_maxresdefault.jpg

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Қазақстанда бүгінге дейін коронавирус инфекциясынан 8 мыңнан астам адам қайтыс болғанын мәлімдеді.

– Бүгінгі күнге дейін 5 млн адам вакциналанды. Егер диспансерлік есепте тұрған адамдардың созылмалы аурулары асқынбаған болса, олар да вакцина ектіруі тиіс. Өйткені күніне созылмалы аурулары асқынбаған 60-тан астам адам коронавирус жұқтырып жатыр. Осы күнге дейін 8 мыңнан астам адам өмірден озды. Олар вакцина салдырған жағдайда өмірде қалар еді. Сондықтан індеттен құтылудың ең тиімді жолы – вакцинациялау, –  деді вице-министр.

23 шілдедегі мәлімет бойынша елде 5 054 970 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 3 075 907 адам II компонентін салдырған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда балаларды вакцинациялау қашан басталады? Цой жауап берді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар