"Екі мәрте нокдаунға жіберді". Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады

/image/2021/07/24/crop-157_2_461x614_162_62578c12ca07d9a5f2c577742d2da960.jpg

Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылардан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты, деп хабарлады Olympic.kz. 

57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті. 

Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.  Есеп – 5:0. 

Серік Теміржановтың келесі қарсыласы – америкалық боксшы Роган Дюк.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар