Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Зарина Дияс Токио Олимпиадасын бірінші айналымда аяқтады, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
Қазақстандық теннисші алғашқы кезеңде чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте Крейчикова 5:2 есебімен алда келе жатқан.
Кездесу барысында Дияс жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матч тоқтатылды.
Пікір қалдыру