Биылғы оқу жылы қашықтан болатыны рас па? Министрлік жауап берді

/image/2021/08/02/crop-182_34_1270x1694_fc0c2d57-6f4b-4166-8de2-4d3b21ea72e5.jpeg

Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылының форматы туралына байланысты тарап жатқан ақпаратқа түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді деген жалған ақпарат тарап жатыр.  Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ.

Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Әлеуметтік желіде 1-11-сынып оқушылары жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алатыны туралы ақпарат тараған.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар