Денсаулық сақтау министрлігі 9 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7235 адамнан коронавирус, 35 адамнан пневмония анықталған. 8 тамызда 97 адам коронавирустан, 10 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 649 120-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 63 477.
10 тамыздағы мәлімет бойынша, 112 474 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 30 972 пациент стационарда, 81 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1966 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр, 232 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы тұр.
8 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 807 646 адам, 2-компонентін 4 445 534 адам салдырған.
Пікір қалдыру