“Ревакцинацияны жоспарлап отырмыз“. Цой мәлімдеме жасады

/image/2021/08/10/crop-154_15_766x1022_04d63820-89a1-4337-b128-b8178df8c7d6.jpeg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинацияның қашан басталатынын айтты. Бұл туралы Coronavirus2020.kz Telegram аргасында хабарланды.

– Қазір тәсілдерін қарастырып жатырмыз. Ол екі түрлі болады. Шұғыл ревакцинация бар, ол жалпы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға дейін салынады. Ал жоспарлы ревакцинация жылына бір рет жасалады. Біз қазір сараптап жатырмыз, себебі Қазақстан вакцинацияны салыстырмалы түрде жайырақ, ақпан айынан бастады. Көпшілік маусым-шілде айларында екпе алды. Біздің антиденелер әлі де жаңа, деңгейі жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан кейін шамамен 9 ай өткен соң,  күнтізбеге қосатын шығармыз, – деді министр.

Осылайша министр мұны әріптестерімен талқылап жатқанын, ДДСҰ-мен кеңесетінін атап өтті. Ревакцинация туралы бірінші кезекте өткен жылы вакцинацияланған елдер – АҚШ, Израиль, Ресей айтқан.

– Олардың алғашқы вакцинаны алғанына 9 айдан асты. Қазақстанда ревакцинация қазан айына өзекті болады, себебі біздің азаматтар алғашқы екпені ақпан айының басында алған, – деп айтты денсаулық сақтау министрі. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар