Алматы қаласы Жетісу ауданы Ақтолқын 12 мекенжайындағы екі қабатты үй өртенді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Департамент таратқан ақпаратқа сәйкес, қызыл жалын 300 шаршы метрді қамтыған. Салдарынан 56 жастағы әйел жарақат алған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта 13 отбасы баспанасыз қалды. Оның 7-і туыстарына, қалған 6-ы (23 адам) уақытша қонақүйге орналастырылды.
Зардап шеккендерді баспанамен қамту мәселесі, өрттің шығу себебі анықталған соң шешілмек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру