COVID-19. Тағы 152 адам қайтыс болды, 16 өңір “қызыл” аймақта

/image/2021/08/15/crop-55_13_660x880_264e008e-96d0-45b1-b4ae-b13fae760ada.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі 14 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды  мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7427 адамнан коронавирус, 361 адамнан пневмония анықталған. 13 тамызда 120 адам коронавирустан, 32 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны  687 259-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 65 667. 

15 тамыздағы мәлімет бойынша, 117 807 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 31 557 пациент стационарда, 86 250 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1928 адамның жағдайы ауыр, 472 пациенттің жағдайы өте ауыр, 234 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы "жасыл" аймаққа кірді.

15 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 074 583 адам, 2-компонентін 4 700 091 адам салдырған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар