Түркиядағы су тасқыны: Қайтыс болғандар саны 60-қа жуықтады

/image/2021/08/15/crop-30_15_640x1138_a98f5c22-98da-4655-b4d8-ea39660893e4.jpeg
Түркияның солтүстік провинцияларында су тасқынынан қаза болғандар саны 58 адамға жетті. Бұл туралы Trt Avaz Haber басылымы хабарлады.

Су тасқыны салдарынан Кастамону, Синоп провинцияларындағы және Түркияның Қара теңіз жағалауындағы Бартын елдімекенінің тұрғындары қайтыс болған.

Табиғи апаттан көпқабатты ғимараттар қирап, 300 елдімекен электр жарығынсыз қалған. Бірнеше автожолдың жұмысы тоқтаған.

Сел апаты болған аймақта іздеу-құтқару және жағдайды оңалту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ел президенті Реджеп Ердоған Кастамону, Синоп және Бартын провинцияларын табиғи апат аумақтары деп жариялады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар