Коронавирус. Бір тәулікте 7217 адам жұқтырған

/image/2021/08/16/crop-243_20_718x957_23c487cd-00e3-4e9f-84fb-c114f75625c2.webp

Денсаулық сақтау министрлігі 15 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды хабарлады.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7217 адамнан коронавирус, 98 адамнан пневмония анықталған. 14 тамызда 98 адам коронавирустан, 25 науқас пневмониядан көз жұмған.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны  694 476-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 65 765. 

16 тамыздағы мәлімет бойынша, 119 547 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 31 910 пациент стационарда, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1937 адамның жағдайы ауыр, 507 пациенттің жағдайы өте ауыр, 228 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.

16 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 092 882 адам, 2-компонентін 4 717 883 адам салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар