Тәліптер Кабулды басып алғаннан кейін Трамп Байденнің отставкаға кетуін талап етті

/image/2021/08/16/crop-20_14_343x610_25e89bbd-cd8f-475a-8d46-740abe9962bb.jpeg

АҚШ–тың бұрынғы президенті Дональд Трамп тәліптер Ауғанстан астанасы Кабулды басып алғаннан кейін президент Джо Байденнің отставкаға кетуін талап етті. Бұл туралы Anadolu Ajans агенттігі хабарлады.

"Джо Байден Ауғанстанда болған жағдайға жол бергені үшін ұялып отставкаға кететін уақыты келді" деп жазылған Трамп мәлімдемесінде.

Трамп сонымен қатар АҚШ президентін елдегі COVID-19 жағдайының көбейгені, ішкі миграция, экономика мен энергетика үшін сынға алды.

– Джо Байденнің Ауғанстанға жасағаны Америка тарихындағы ең үлкен жеңілістің бірі ретінде тарихта қалады, – деді ол.

Ауғанстанда не болды?

АҚШ пен тәліптер 2020 жылдың ақпанында халықаралық күштерді Ауғанстаннан шығару туралы бейбіт келісімге келген. Процесс осы жылы басталды.

Келісім шетелдік күштерге шабуыл жасамауды көздегенімен, тәліптердің Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне қарсы әрекетіне қатысты ешқандай ереже қарастырылмаған.

Тәліптер Дохадағы Ауғанстан үкіметімен келіссөздерді жалғастыра отырып, маусымнан бері Ауғанстанның көптеген аудандары мен провинцияларының орталықтарын басып алды.

Ел астанасы  Кабулды қоршап алған тәліптер үкіметке әкімшілік астананы бейбіт жолмен беруге шақырған.

Тәліптер Кабулды басып алғаннан кейін президент Ашраф Ғани 15 тамызда Ауғанстаннан қашып кеткен.

"Тәліптер" қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид үкімет күштері Кабулдан кетіп бара жатқанда қала мен қоғамдық ғимараттарды бақылауға ала бастағанын айтты.

Кабулдағы президенттік сарайда жасалған мәлімдемеде тәліптер ел астанасы мен Ауғанстанда үстемдік орнататынын мәлімдеді.

"АҚШ Ауғанстанға 5 мың әскер жіберді"

Тәліптер Кабулды басып алғаннан кейін АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстанға қосымша 5 мың әскер жіберді. Ол әскерлер ауғандарды эвакуациялауға көмектеседі.

Осылайша Джо Байден Кабулдағы жағдай "өте ауыр" екенін айтты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар