"Өлсем де басқа құжат жасатпаймын". Тұрсынбек Қабатов атышулы дауға жауап берді (видео)

/image/2021/08/16/crop-8_13_1027x1369_mycollages-1.jpg

Танымал әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов ҰБТ-ға қызының орнына басқа біреуді кіргізді делінген дауға жауап берді. Ол қызының орнына басқа адам тест тапсыруға кіргенінен бейхабар екенін жеткізіп, әлеуметтік желідегі парақшасында видеожазба жариялады.

Видеода Қабатовтың репетитор делінген Нұрбек есімді жігітпен телефон арқылы сөйлесіп, жағдайдың қалай болғанын сұрағаны көрсетілген. Видеодағы әңгімеде тест тапсыруға өзге адамды кіргізу репетитордың идеясы екені, Тұрсынбек Қабатов бұдан бейхабар болғаны айтылады. Репетитор делінген адам әрекетін шәкіртіне жоғары балл алып беруге тырысқанымен түсіндіреді.

– Болатын жағдайды маған айтпай, анасына айтпай ондай тірлікке бардың, біріншіден? Екіншіден ол қыз кім, оны кім тапты? Сен бе тапқан?! Қазір халық не айтып жатқанын білесіңдер ме? Желіде "Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасап, ҰБТ-ға кірді" деп айтып жатыр. Сен қызыма айтпай ҰБТ-ға барып, құжатын, телефондарын тапсырғаннан кейін қызыма көмектесетіндеріңді айтқансыңдар. Неге осыны бізбен ақылдаспадыңдар? Сен қылмысқа барғаныңды білесің бе? Мен сені соттайын деп жатқан жоқпын. Өзіңде ақылды баласың ғой. Есің дұрыс па?

Мен саған сендім жақсы репетитор болғандықтан. Сен онсызда білесің Әдеміге (Тұрсынбек Қабатовтың қызы - ред) жоғары баллдың қажет емесін. Ол жыл басынан шетелге оқуға түсуге дайындалып жатқанын білесің. Мен біреудің аузын жырып, грантын алғым келіп тұрғам жоқ. Мен өлсем де басқа құжат жасатпаймын. Менің қызым басынан ҰБТ-ға алдын ала адам дайындап, кіргізіп жібергендей болып қалды. Мен кешеден бері желіге шыға алмай жатырмын. Маған ешкім сенбейді.

Мен сені көрген де жоқпын. Анау қызды да (Әдемі Қабатованың орнына ҰБТ-ға кірген қыз) көрген жоқпын. Сендер менің қызымды алдап сондай әрекетке барып отырсыңдар, – деп айтылған видеода. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ны басқа қыз тапсырып шыққаны туралы ақпарат жарияланған. 

Белгілі заңгер Абзал Құспан Facebook парақшасында 13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тест тапсыруға ЕҰУ-дың 2-курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай есімді қыз кіргенін айтып, "Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасады" деп мәлімдеген.

"Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған" дейді заңгер.

Айтуынша, Тұрсынбек Қабатовтың қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып, төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы Астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. 


 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Kabatov Tursynbek (@kabatov_tursinbek_resmi)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар