"Қытайдың оннан астам соғыс ұшағы Тайвань аумағына басып кірді" деп хабарлады South China Morning Post басылымы.
Газеттің ақпаратына сәйкес, Қытай күштерінен алты истребитель, екі бомбалаушы және үш бақылау ұшағы Тайваньның оңтүстік-батыс әуе қорғанысын сәйкестендіру аймағына таңғы 9.30 мен 10.22 аралығында ұшып кірген.
Көп өтпей Тайвань әскери әуе күштері реактивті ұшақтармен жауап берген және радио ескертулер жасаған.
"Бейжің күштерінің белсенділігін бақылау үшін Тайвань тарапы әуе шабуылына қарсы зымыран жүйесін орналастырды" деп хабарлады Тайбэй қорғаныс министрлігі.
Қытайдың бұл әрекеті кезекті рет доқ көрсету деп бағаланып жатыр.
Пікір қалдыру