COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында, «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер қызметін «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасына енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулысына сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Шымкент қаласында бүгінгі күнге дейін «Ashyq» жобасына 4603 нысан енген. «Ashyq» жобасы бойынша «қызыл» және «сары» статуспен анықталған жеке тұлғалар бойынша 1468 хабарлама келіп түсті. Шымкент қаласы бойынша анықталғаны 1304, соның 863-і «қызыл» және 441-і «сары» статуспен анықталғандар. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар анықталған тұлғаларға 14 күндік үй карантинін сақтау қажеттігі туралы хабарлама беріледі.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары «сары» мәртебесі бар тұлғаларға санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау туралы 382 қаулы шығарды.
Басқа облыстардан келіп анықталған жеке тұлғалар (164 адам) бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шаралар атқару үшін ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің аумақтық департаменттеріне санитарлық-профилактикалық іс-шаралар өткізу үшін хаттар жолданды.
Үй карантині режимін сақтамаған 221 «қызыл» мәртебесімен анықталған жеке тұлғаларға 9599630 теңгеге айыппұл салынды.
Үй карантині режимін сақтамайтын «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаларды анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Пікір қалдыру