Риддерде күміс бұйымға бола әкімшілік қызметкерін өлтіріп кеткен

/image/2021/09/03/crop-48_17_411x731_0c42507d-8400-46e1-af7a-c2ea9ab8c6b2.jpeg

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында қылмыскер әкімшілікте қызмет ететін келіншекті өлтіріп кеткен. Оның артында 3 баласы қалды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келіншек 26 тамызда таңертең үйінен жұмысқа шығып,  із-түссіз жоғалып кеткен.

"Ұялы телефоны сөндірулі тұрған әйелді үйінде 8-11 жас аралығындағы үш баласы тосып жатты. Кешке қарай орман ішінде жүргізілген іздестіру шаралары барысында оның мәйіті табылды. Зорлықпен өлтірілген әйел адамның бірнеше жерінде пышақ жарақаттары бар. Оқиға орнына Өскеменнен прокуратура басшылығы мен криминалистер дереу келіп жетті" делінген баспасөз хабарламасында.

Бірнеше күннен кейін жедел уәкілдер күдіктіні ұстаған. Бұрын бірнеше рет сотты болған 34 жастағы ер адам өз кінәсін мойындаған. Жауап алу кезінде ол қылмысқа марқұмның күміс бұйымдары мен сөмкесін тартып алу үшін барғанын айтқан.

– Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің (99 адам өлтіру) және 192-баптары (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптар бойынша ер адам 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Анасынан айырылған балалар жақын туыстарына қамқорлыққа берілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар