Дональд Трамп "Джо Байден АҚШ-ты әлем алдында масқара етті" деді. Ақ үй Ауғанстанда қалып қойған америкалықтар үшін Талибанмен байланысын жалғастыруда.
"Бұл эвакуация біздің ел тарихындағы ең қабілетсіз операция болды. Біз әлем алдында масқара болдық. Оларға 850 миллиард долларлық әлемдегі ең жақсы әскери техниканы бере салдық. Біздің ел ешқашан өткен аптадағыдай үлкен масқараға қалған жоқ" деді ол Newsmax арнасына берген сұхбатында.
Трамп Байденнің АҚШ әскерлерін алдымен эвакуация жасағанын айыптап, "Олар алдымен әскерлерді шығарып алып кетті, біз алдымен АҚШ азаматтарын, сосын әскерлерді алып шығатын едік" деді.
Шамамен 100 америкалық Кабулдың Мазари-Шариф әуежайында жеке құтқару рейсімен Ауғанстаннан кетуді күтуде.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сәрсенбіде оларды Талибан күштері ұстағанын мәлімдеді. Блинкен олардың Кабулден кете алмай қалуын "қажетті құжаттардың" болмауымен байланыстырды.
Пікір қалдыру