Ерлан Қожағапанов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылып, премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1989 жылы бастаған.
1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған.
2017-2020 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.
2020-2021 жылдары — Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болған.
Пікір қалдыру