Қытайда коронавирустың жаңа штаммы пайда болды

/image/2021/09/13/crop-128_10_712x949_c3e49d2e-efdd-4acc-8a75-7fb2ad326025.jpeg

Қытайдың Фуцзянь провинциясында коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 6 жағдайы және ауру белгісі жоқ 18  тасымалдаушы анықталды, деп хабарлады РИА ақпарат агенттігі.

COVID-19 індетінің жаңа ошағы халқы 3 миллионнан асатын Путянь қаласының Сянью уезінде тіркеліп отыр. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, мұнда коронавирустың өте жұқпалы деп танылған "дельта" штамы таралып кеткен. Дертті жұқтырудың алғашқы жағдайы анықтала салысымен құзыретті мекемелер жергілікті тұрғындардан 82 мыңға жуық сынама алған. 

11 қыркүйектен бастап Путяньда COVID-19-дың таралу қаупіне байланысты  маршруттық таксилердің жұмысы уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар басқа аймақтармен де жолаушылар автобусы қатынасы тоқтатылып, спорт, демалыс және басқа да ойын-сауық орындары уақытша жабылған. 

Коронавирус өршіп тұрған елдердің ішінде  АҚШ, Үндістан және Бразилия, Ресей көш бастап тұрса, бұл тізім бойынша Қазақстан 37 орында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар