Қорғаныс министрлігі Алматы облысында парашютпен секіру жаттығулары кезінде әскери қызметшінің қаза тапқанын хабарлады.
Қайғылы оқиға 14 қыркүйекте парашютпен оқу-жаттығуды пысықтау кезінде болған. Марқұмның кім екені әзірге белгісіз. Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.
"Парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені "капитан", 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты" делінген хабарламада.
Бұған дейін әскери сарбаз парашютпен 50-ге жуық секіру орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген.
Қазір қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталып жатыр.
Пікір қалдыру