Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28%), Маңғыстау (19,3%), Түркістан (13,5%) және Жамбыл (8,1%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанған.
1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 27,9%-ды және зейнеткерлер 17,1%-ды құрайды.
"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары білімі, 39,8%-ының орта кәсіби білімі, 45,5%-ының жалпы орта білімі бар және 3,6%-ының білімі жоқ. Этникалық қазақтарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету шеңберінде жыл сайын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы белгіленеді. Өңірлік квота шеңберінде 720 этникалық қазақ (Ақмола облысы – 92 адам, ШҚО – 121 адам, Қостанай облысы – 117 адам, Павлодар облысы – 328 адам және СҚО – 62 адам) көшуге субсидия: отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен (204,1 мың теңге) келетін біржолғы төлем алды, сондай-ақ 12 ай бойы отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі (43,7-ден 87,5 мың теңгеге дейінгі) мөлшерде ай сайынғы төлем алды. Сонымен қатар, қандастарға жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй беру және жұмысқа орналастыру бойынша қолдау көрсетеді" делінген хабарламады.
Пікір қалдыру