«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексі» тақырыбында семинар өтті

/image/2021/10/12/crop-75_8_387x516_3.jpg

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі Г.Себаева «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» тақырыбында сот қызметкерлеріне дәріс сабағын өткізді.

Өз сөзінде Г.Себаева семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, оның ішінде тиісті сұрақтар бойынша, яғни ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруды, соның ішінде: қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға, қоғамға жат мінез-құлықтарға жол бермеуін түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар осындай шараларды өткізу ұжымдағы моральдық-этикалық нормаларын жетілдіру және нығайтуға негіз болатынын айтты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар