Даулардың баламалы реттеу мәселелерін талқылау бойынша онлайн-кездесу өтті

/image/2021/10/12/crop-74_4_387x516_2.jpg

Шымкент қаласының экономикалық сотында «Медиация – дауды реттеудің баламалы жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде татуластырушы-судья Б.Сегізова, «Авторлар әндерінің одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры Нурбек Енжанов пен орынбасары Даулет Махсудов, «Adilet Group» заң консультанттар палатасы аппаратының басшысы, кәсіби медиатор Динара Байсерікова, Шымкент қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Алма Ахатова қатысты.

Татуласу рәсімдерін дамытудың және дауды сотқа дейінгі реттеу өзекті мәселелері талқыланды.

Б.Сегізова өз сөзінде медиацияны талап арыз сотқа күннен бастап 10 күннің ішінде татуластырушы-судья жүргізетітін айтты. Сотқа «Авторлар әндерінің одағы» РҚБ-нен біртекті талаптармен арыздар түсуде. Осыған байланысты, медиацияның артықшылығын ескере отырып, Бірлестіктің өкілдеріне дауларды баламалы және тиімді бейбіт жолмен жолмен реттеу мәселесін қарастыру ұсынылды.

Ұсынысты қолдай отырып, Нурбек Енжанов талап-арыздардың 80%-ға жуығы медиация тәртібімен реттелетінін атап өтті. Сонымен қатар, Бірлестік өкілдері медиацияның одан әрі дамуы мәселесін қарастыруға дайын екендігін алға тартты.

Кездесу барысында медиативтік келісімді бекіту мақсатында ұйымдастырылған тараптар арасындағы келіссөздерге кәсіби медиатордардың қатысуын қарастыру туралы ұсыныс айтылды.

Динара Байсерикова татуластырушы-судьяларға арнап Фридрих Эберт атындағы Қорына негізінде тренинг-семинар өткізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Бұл шара татуластырушы-судьялардың келіссөздер жүргізу дағдыларын үйреніп, сот дауларын нәтижелі реттеуге оң септігін тигізеді.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары ой-пікірмен алмасып, барлық туындаған сұрақтар бойынша толыққанды жауап беріліп, күн тәртібіндегі идеялар мен ұсынымдар келешекте сот жүйесінің дамуына дұрыс үлес қосады деп күтеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар