Қала тұрғындары арасында коронавирус пневмониясымен ауырғандардың саны неге көп?

/image/2021/10/12/crop-45_8_408x545_5.jpg

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қала тұрғындары арасында коронавирус пневмониясымен ауырғандардың неге көп екенін түсіндірді.

КВИ+» пен «КВИ-»-ті стационарға барған бойда ПТР-тест арқылы анықтайды. Оның үстіне компьютерлік томографиядан өтеді. Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясы жұққан бойда емді бастап кетпесе, оның әрі қарай пневмонияға айналу қаупі өте жоғары.

Сондықтан Шымкент қаласында өздігінен емделген адамдар болды. Сол уақытта жылдам шешім қабылдап, дәріханалардың жанындағы жеке меншік түрлі екпе қабылдау орындарының жұмысын реттедік. Науқастардың бәрінен вирус белгілерін байқаған бойда хабарласуды өтіндік. Сондықтан, осындай жағдай орын алды деп ойлаймын», - деген әкімдік өкілі тұрғындардың жеке практикадағы дәрігерлердің көмегіне көп жүгінуі жағдайды ушықтырғанын атады.

«Тұрғындардың өздері емханаға бармай, өздігінен емделу салдарынан сырқаты коронавиурс пневмониясына айналып кеткен жағдайлар болды. Өкінішке қарай, бізде ауыр жағдаймен түскен науқастардың көбі он бесінші, он алтыншы, тіпті жиырмасыншы күні бірақ медицина көмегіне жүгінеді. Олар осындай жеке практикадағы дәрігерлерден дәрі-дәрмек алып, бір емес, екі курс ем қабылдаған. Оның ішінде ауыр-ауыр антибиотиктер бар. Сонымен емделіп, түк болмаған соң жедел жәрдемге хабарласып, ауыр күйде түсіп жатқан науқастар болды. Сондықтан бұл жағдай қайталанбас үшін алдағы уақытта денсаулық сақтау саласында медициналық ағарту жұмыстарын күшейтуіміз керек», - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар