Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары өтуде

/image/2021/10/12/crop-43_13_517x689_6.jpg

Қыркүйек айында Шымкенттегі барлық мектепте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаты мен ашық сабақтар өтіп жатыр.

Ұрпақ санасына егемендік жылдардың қасиетін түсіндірер жоба аясындағы тәрбие сағаты жалпы білім беретін №137 орта мектебінде бастау алды. Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңызын және Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу.

Ашық сабаққа тек оқушы мен ұстаздар ғана қатыспай, қаланың қалыптасуына және аймақтың дамуына үлес қосқан зиялы қауым өкілдері арнайы шақырылған. Жиынға ардагер ұстаз Нышанбек Байғұтов, «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова, қалалық оқу-әдістемелік орталығының директоры Меруерт Асқарбекқызы қатысты.

Тәуелсіздіктің жетістіктерін жете түсінген жас буын, кездесуге келген қонақтарға сұрақ қойып, еліміздің өткені мен бүгіні жайында қызу пікірталас ұйымдастырды.

Сынып сағатында оқушыларға ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, осы жолдағы Елбасының сарабдал саясатының жемісі, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы келелі сөздер айтылды. Іс-шарада оқушылар өнерін ортаға салды. Бірі ақын-жазушылардың өлеңін жатқа оқыса, енді бірі домбырамен ән шырқады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар