"Пандора құжаттарында" аталғандар тергеледі – Пәкістан премьер-министрі. Қазақстан ше?

/image/2021/10/12/crop-7_7_671x1063_photo_2021-10-12_12-31-03.png

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан "Пандора құжаттарында" аталған Пәкістанның барлық 700 азаматы тергелетінін мәлімдеді.

Атышулы "Пандора құжаттарында" Пәкістан азаматтары, оның ішінде көптеген жоғары деңгейдегі лауазымды адамдар, саясаткерлер мен бұрынғы әскери офицерлердің жасырған байлықтары туралы айтылған.

Құжаттарда қаржы министрі, Имран Ханның бұрынғы кеңесшісінің баласы және Пәкістан Техрик-е-Инсаф (PTI) партиясының көрнекті донорларының есімдері жарияланған.

Бұдан бөлек құжаттарда су ресурстары министрі Мунис Элахи мен қаржы министі Шаукат Тариндің есімі аталды. Дегенмен, екеуі де заң бұзушылықты жоққа шығарды.

"Пандора құжаттарында" бүкіл әлем бойынша жасырын оффшорлық байлықтар туралы жазылған.  Аттары аталып, бірақ пікір білдірмегендердің қатарында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми әйелі делініп жүрген Әсел Құрманбаева да бар. Құжаттарда ол 30 миллион доллар мен Британдық Виргин аралдарында тіркелген офшорлық компания акцияларының пакетін алғаны туралы дерек жарияланған. Оффшордағы бизнестерін ол Назарбаевқа жақын олигархтар Владимиром Ни және Владимиром Киммен бірге басқарған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар