2021 жылы 6 қыркүйекте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар өткізілетін Қазақстан халқы тілдері күніне орай «ТІЛ - ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Сакен Абжаппар Сакенұлы ашып, сәттілік тілеп, Шымкент қаласының тұрғындары арасында тілдің даму қарқынымен дамыту жоспарларымен таныстырды. Келешекте Шымкент әкімдігімен бірлесе өткізілетін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында «Тіл Тәуелсіздік тірегі» атты республикалық конференцияға бірегей қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының ішікі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ «Қоғамдық көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Исаева Азиза Омарбекқызы қатысып, этномәдени бірлестіктермен бірге өзге этностар арасында тілдерді дамытуға байланысты көптеген байқаулар өткізіп, оның ішінде 3 қыркүйек күні «Тәуелсіздік - басты құндылығымыз!» атты республикалық диктантын өткізгені туралы есебін айтты.
Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» қалалық бөлімінің меңгерушісі Оралбаева Зәуре Абдухамитқызы қатысып, бүгінгі жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы, ал оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады деп, еліміздің әрбір азаматы өзінің ана тілін қадірлеп, қастерлеуі, өз ана тілінде сөйлеуі қажет деп өз сөзінде нақтылады.
Дөңгелек үстел барысында модератор «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, өлкетанушы Жанысбекова Гүлнар Әмірбайқызы университетіміздің мекен жайы да Шымкент қаласының Ахмет Байтұрсынов көшесінің қиылысында орналасқанын көпшілік қауымға айта келе, ерекше мағлұмат беріп, дөңгелек үстелді тәмамды.
Пікір қалдыру