Тоқаев Назарбаевты жаңа лауазымға ұсынды

/image/2021/10/12/crop-21_3_408x725_crop-132_29_561x749_1566382668_69233646_2254487778007975_43372005812999.jpg
 
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес жанындағы ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды, деп жазады sputnik.kz сайты.

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбіде елдер кеңес жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауға тиіс.

– Мүше мемлекеттер ғұламалар кеңесін құруды қолдады және үміткерлерді ұсына бастады. Бүгін біз ғұламалар кеңесі туралы ереже бекітеміз. Таңертең бізбен кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылтайшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ғұламалар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынды, сіздер бұл кандидатураны бекітесіздер деп үміттенемін, – деді Рахметуллин кездесуге қатысушыларға.

Қасым-Жомарт Тоқаев2019 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 5 саммитіне қатысқан. Сол жиында Ғұламалар кеңесін құру мәселесін жан-жақты зерттеу маңызды екенін айтты.

– Тұрақты жұмыс істейтін диалогты платформаны қайта құру арқылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің талдау орталықтарының әлеуетін арттырған жөн. Кеңестің жұмыс органдарына арналған ұсыныстарды жандандыруға мүмкіндік беретін Ғұламалар кеңесін құру мәселесін уақытылы әрі жан-жақты зерттеу керек деп есептейміз, – деді Қазақстан президенті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар