Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында қорғаушылардың қызметіне ерекше тоқталды. Салаға жауаптылар адвокаттар қауіпсіздігі тақырыбы еліміздің басты құжатында тегіннен-тегін көтерілген жоқ деп отыр. Айтуларынша, заң саласы мамандарының қызметіне Президент дер кезінде пәрмен беруде.
Сала мамандарының айтуынша, соңғы кездері адвокаттық қызметтерге сұраныс артып отыр. Үшінші мегаполис халқы қорғаушыларға көбінесе жер, мүлік даулары кезінде жүгінеді екен. Пандемия кезінде көптегентұрғындар қаржыдан қиналып банктерден алған несиелерін өтей алмай жүр. Бұл жағдай да адвокаттардың жүктемесін арттыруда.
Заңгерлер көбінесе көрсетілген қызметтері үшін ақыларын ала алмай табаннан тозатын кездер де жиі кездеседі. Азаматтар келісім шарттарда көрсетілген төлемдердітөлеуге келгенде жалтарып жатады. Сондықтан да заңгерлер құқы аяқасты болмау керек дейді. Айта кетейік бүгінде қалада 400-ден астам адвокат жұмыс істейді. Жыл басынан бері мамандар 4 жарым мың іске қатысқан.
Пікір қалдыру