Еңбекші ауданынан сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарымен мәжіліс өтті

/image/2021/10/12/crop-101_24_358x478_091837342000.jpg

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева Еңбекші ауданынан сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарымен мәжіліс өткізді.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы талқыланды. Сайлауалы бағдарламаны іске асырудың Жол картасындағы Еңбекші ауданы бойынша құрылыс жүріп жатқан нысандардың сапалы әрі уақытылы орындалуына бақылау жүргізу, халық игілігіне берілуіне назар аудару қажеттігі айтылды.

Сондай ақ, Еңбекші аудандық филиалы мен тұрғындар арасындағы өзекті мәселелер мәслихат депутаттарымен бірге дер кезінде шешімін табу мәселесі пысықталды

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар