Ержан Бабақұмаров колледждердің жаңа зертханалары мен өндірістік сыныптары базасында Дуалды оқытуды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Ержан Бабақұмаров сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлау үшін колледждердің жабдықталуымен танысты.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаевамен бірге Энергетика және электрондық технологиялар колледжі мен көпсалалы колледжіне барып, қаладағы «Жас маман» жобасының іске асырылу барысымен танысты, сондай-ақ оқу орындарының материалдық- техникалық жарақтандырылуын көрді.
«Жас маман» жобасы колледждерді қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру арқылы жаңғыртуға және жас мамандардың неғұрлым сұранысқа ие кәсіптер бойынша дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Алматыда оқу орындарының материалдық базасын нығайту мақсатында жоба аясында мемлекеттік қолдау шараларымен 18 колледж қамтылды, оған жоғары технологиялық инновациялық жабдықтар, техника мен компьютерлер сатып алынып, жеткізілді. Мәселен, 2021-2022 жылдары осы жоба шеңберінде кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 11 405 орынға, оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2500 орынға 48 колледжде орналастырылды. Өткен жылы 11 219 орын бөлінді. Айта кетсек, оқыту тегін негізде өтеді және таңдалған мамандыққа байланысты 2-3 жылға созылады.
Сапар барысында жобалау, құрастыру, жүйелерді іске қосу және қызмет көрсетуге дейінгі толық тізбекті іске асыру үшін интерактивті жабдықпен жабдықталған оқу-өндірістік шеберханалар, оқу сабақтарының аудиториялары қаралды. Энергетика және электрондық технологиялар колледжінде қала әкімінің орынбасары жаңартылатын энергия көздері, электр жабдықтары саласындағы зертханаларда, күн панельдерін құрастыру цехында болды. Сондай-ақ, білім алушылардың салауатты өмір салтын дамыту үшін қажетті жағдайлар қаралды. Мысалы, колледжде жан-жақты жабдықталған спорт кешені - волейбол, баскетбол алаңдары, футбол алаңы, теннис залы, бокс залы, workout аймағы бар.
Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров оқу уақытының 40%-на дейін кәсіпорындарда өткізетін оқушыларды дуальды оқытудың жаңа зертханалары мен өндірістік сыныптарының базасын дамыту бойынша міндеттерді белгіледі.
Осы мақсатта бизнес- қоғамдастықпен ынтымақтастық бойынша жұмысты күшейту, оның ішінде түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Колледждерді жаңғырту, республикалық және халықаралық деңгейлерде талап етілетін білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу, жекелеген мамандықтар бойынша құзыреттілік орталықтарын ұйымдастыру, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Пікір қалдыру