Ресейлік сепаратистер Украин әскеріне бір түнде бес рет шабуыл жасады

/uploads/thumbnail/20170708195047908_small.jpg

Біріккен орыс-сепаратистік қарулы күштері украиндық әскер орналасқан позицияға бір түнде бес рет шабуыл жасады деп мәлімдеді бүгін антитеррорлық операция (АТО) баспасөз орталығы Фэйсбуктегі парақшасында.

Өткен түні бүлікшілер Артемовск қаласынан тысқары орналасқан Зайцево селосында нығайтылған позицияда тұрған украиндық әскерге гранометтер мен ауыр пулеметтерден оқ жаудырған. Бұл туралы«Қамшы» порталы unian.info-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Онымен қоймай, ресейлік бүлікшілер мұндай іс-әрекеттерін Киев уақытымен сағат 20.00-де Травневий селосы аймағында тағы қайталады. Ал, киевтік уақытпен 22:50-де олар Майорск селосындағы біздің бөлімшелерге ірі калибрлі пулеметтер мен гранатометтардан ата бастады», - делінген, баспасөз орталығының баяндамасында.

Киевтік уақытпен 20:25-те оккупанттар Луганск облысындағы Ескі Айдар селосында АТО күштеріне атқыштар қару-жарағынан оқ жаудыра бастаған.

Назгүл Назар

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар