Шенеуніктердің ар-ұяты ояна бастады

/uploads/thumbnail/20170708195048510_small.jpg

Біздің лауазымды шенеуніктердің ар-ұяттары ояна бастады. Бұл қоғамдық бақылау мен әлеуметтік сын пікірлердің жемісін бергендігін көрсетеді. Көпшілік ортада тәртіп бұзған жастардың оғаш әрекеттерін, яғни, төбелес шығарған, жол ережесін белден басып, көшеде шоу көрсеткен балаларының жөнсіздігін әлеуметтік желіде халық жаппай сөгіп, сынға алған соң әлгі бұзақылардың әкелері қызметтерінен кетіп жатыр. "Көп қорқытады, терең батырады" деген осы. Ресми биліктің халықпен санасуға көшкендігінің алғашқы игі қадамы осылайша аздап болса да жемісін беріп жатыр. Қоғамдағы түрлі былық-шылықты, жемқорлықты, біліксіздікті осылайша әшкерелеп, жөнге салуды ұдайы қолға алсақ, тазарамыз, сауығамыз, әділеттік орнатамыз, қарыштап дамимыз.

Қуандық Шамахайұлы,  Facebook  парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар