БҰҰ-да қазақ тілінде баяндама жасаған Елбасы даусыз Алаш жұртын бір серпілтіп тастады. Қуанып отырмыз, жасырмаймыз.
Күтпесек те, Елбасы қазақ тілінде сөз алды. Ризамыз. Енді сыртта ғана емес, еліміздің ішінде де осы "керемет жаңалық" өз жалғасын тапса, шіркін! - деп қоямыз қиялдап.
Ал, енді Президенттің баяндамасы қазақ тілінде екенін біле тұра, аудармашыны дайындамай, Назарбаевтың сөзін тоқтатып қойған СІМ қызметкерлерінің бұл жауапсыздығы нені көрсетеді? Сыртқы істер министрі: Е, бәрі дайын, Президент әдеттегідей орыс тілінде сөйлейді, қазақшадан ағылшын тіліне аударудың еш қажеті жоқ" деген шаблонды пікірдің тұтқыны болып қалды. Ойламады ол. Елбасын отырғызып қойды. Ұят болды.
Ақберен Елгезек, Facebook парақшасынан
Пікір қалдыру