БҰҰ-ның мінберінен Обама Ресейді, Путин АҚШ-ты тіке атын атап айтпаса да, бәріне түсінікті болатындай сынады. Путинді Украина территориясын аннексиялағаны үшін айыптаса, Обаманы Солтүстік Африка, Сириядағы бүгінгі дағдарыс пен сонда пайда болған түрлі террористік ұйымдар үшін тікелей жауапты екені айтылды. Осы екеуін де әлемде гегемониясын орнатуы үшін жанталасқанын аямай өзіндік стилмен сынаған Қытай лидері болды. Онымен қоса кім қаражат шығарса, соның сөзі өтімді екенін білген қытайлар БҰҰ-ның жобаларына қосымша 1 млрд $, ал Африка елдеріне көмек ретінде 100 млн $ бөлетінін жариялады. Сондағы Пан Ги Мунның күлгенін, ассамблея мүшелерінің қол шапалақтағанын көрсеңіз, енді мұндай қошеметке я Путин, я Обама ие болған жоқ. Шығыс көршіміздің саны бекерден бекер 2 млрд-қа жетіп қалмағанын анық түсінесіз, ендігі уақытта әлемдік экономиканы қолына алса, ар жағында барлығын озатынын түсініп тұр. АҚШ пен Ресей тартысып жатқанын Қытай тиімді пайдаланатын түрі бар.
Руслан Желдібай, Facebook парақшасынан
Пікір қалдыру