Өкпесі 80 пайыз зақымдалған науқас сауығып шықты

/image/2021/10/23/crop-40_116_673x1196_854ba9af-b296-4f4f-8997-92830ce2d425.jpeg

Шымкенттің білікті дәрігерлері 55 жастағы Нүрила Асқарбекқызын аман алып қалды. Науқастың өкпесінің

80 пайызы зақымдалғаны анықталған.

Ол 9 қыркүйек күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы келіп
түскен болатын. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне
жатқызады.

Науқас коронавирус инфекциясы мен тыныс жетіспеушілігінің салдарынан жасанды тыныс алу
аппаратына қосылады. Оған қоса науқастың қандағы оттегі мөлшері шамалы көтерілгендігі байқалады.

Ауруханада дәрігерлер оған хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және
антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсетеді.

Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы. Дәрігерлер тыныс алу жиілігі жақсарған, өздігімен тыныс алуда
дейді.

Бүгінде денсаулығы жақсарған науқас отбасымен қауышты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар