КВИ. Тағы 24 адам қайтыс болды, 900-ден астам адамның жағдайы ауыр

/image/2021/10/25/crop-8_7_436x774_1585975764.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 24 қазандағы эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1573 адамнан коронавирус, 27 адамнан пневмония анықталған. 20 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан көз жұмған.

Елде ПТР тест арқылы расталған коронавирус жағдайларының жалпы саны 929 784-ке жетсе, 78 771 адам пневмониямен ауырған. 11 951 адам коронавирустан, 4998 адам пневмониядан қайтыс болған.. 
 
25 қазандағы мәлімет бойынша, 50 923 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 9 004 пациент стационарда, 41 919 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
 
Індетке шалдыққандардың арасында 636 адамның жағдайы ауыр, 160 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
 
8 168 114 адам вакцинаның I компонентін, 7 329 137 адам II компонентін салдырған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар