Әлеуметтік желіде Шымкенттегі "Қырғы базарының" кіреберісінде 3-4 келі жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақ болған видео тарап жатыр. Видеоны Aqparat.kz әлеуметтік парақшасы жариялады.
Оқиға 24 қазан күні болған. Видеодан полицейлер әжейге "айыппұл саламыз" деп, дөрекелік көрсетіп, телефонын тартып алғанын көруге болады. Құзырлы органдардың әрекеті базар халқының ашуына тиіп, оларға наразылық білдірді.
"Бүгін Шымкенттегі "Қырғы базарының" кіреберіс жерінде 3-4 келі жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақшы болды. Әжеміз полицейлерден қорықса керек, ұлына хабарласпақшы болғанда телефонын да алып қойған көрінеді" делінген видео сипаттамасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиғаға қатысты Шымкент полициясы пікір білдірді.
"Бұл жайт Әл-Фараби ауданы аумағында белгіленбеген орында жасалған сауда деректерінің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жүргізген рейд кезінде болған. Қазіргі уақытта видеода көрсетілген Әл-Фараби АПБ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылады" делінген хабарламада.
Пікір қалдыру