Барак Обама мен Путин арасындағы пікір қайшылығы Ақ үйдің шұғыл және тосын шешім шығаруына алып келді. Америка президенті Барак Обама Украинаға әскерін даярлауға арнайы американдық инструкторларын жіберетіні жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы rt.com-ға сілтеме жасай отырып, хабарлайды. Обаманың мемлекеттік департамент арқылы жіберген 20 млн доллар көлеміндегі қаржылық көмегі әскерді оқыту мен өзге де қажетті шараларына жұмсалмақ.
«Америка үкіметі Украинаның Қорғаныс министрлігіне көмек ретінде 20 млн доллар көлемінде қаржы бөлмек. Аталмыш сома мемлекеттің әскери білімін дамыту мақсатында қолданылатын болады», - деді Президент мырза.
Арнайы операцияланған украин әскерінің американдық мамандардан сабақ алуы ағымдағы жылдың қараша айынан басталатыны белгілі болды.
«АҚШ-тың ең үздік мамандары арнайы әскерімізді дайындауды қарашадан бастайтыны жөнінде келістік» - деп, мәлімдеді Петр Порошенко, АҚШ-та тұратын украин диаспораларымен өткен кездесуінен кейін. Сонымен қатар, Украинаның жақын арада әскерді дайындауға арналған қосымша құралдарға ие болатыны жөнінде айтып өтті.
АҚШ-тың бұл көмегі өзге де халықаралық әскери инструкторларды (ішінде американдықтар да бар) дайындауға бағытталған. Олардың көбісі Украинаның Ұлттық гвардиясы аясында тәжірибеден өтті.
«Бұл өзара алмасу, екі жақты бірдей көмек болмақ. Американдық әріптестерінен қалай күресу керектігі жөнінде тәжірибе жинақтайтын украиндықтар үшін ғана емес, Ресейдің алдын орап кетуді көздеген американдықтар үшін де қызық болмақ», - деді Порошенко.
Назгүл Назар
Пікір қалдыру