Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 9 айдың жұмысын қорытындылады. Жыл басынан бері медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі 10 773 адамға мемлекеттік қызмет көрсеткен. Сондай ақ жиында зейнетақы жасы мен мұқтаж жандарға көрсетілген көмектер сапасы жақсарғаны айтылды.
Бұл мекемеге көмек сұрап жүгінетіндер көп. Келушілердің барлығы көмекке мұқтаж әлеуметтің әлсіз тобы. Мүгедіктікті растайтын құжаттарда осы жерде беріледі. Сондықтан мұқтаж жандарға шынайы, адал қызмет ету керек –дейді департамент басшысы.
Бүгінде Медициналық әдістемелік сараптама және бақылау бөлімінде арыз бойынша 187 адам, бақылау бойынша 46 адам қайта куәландырудан өткен. Ал жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақы және қайта қаралған төлемдердің саны 103 010 құрайды.
Зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет 47 671-ді құрады. Айта кетейік, «ҚР-да азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ер адамдар 63, әйелдер 60, ал 5 және одан көп балалары бар аналар 53 жастан бастап зейнеткерліке шығу белгіленген.
Пікір қалдыру