Азық-түлік өндіруде Шымкенттің мүмкіндігі мол

/image/2021/10/29/crop-89_10_826x1101_071149058900.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауылшаруашылығы бағытында биыл іске қосылған нысандардың жұмысымен танысты.

Қаратау ауданы, Алматы тас жолында орналасқан «AgroPark» ШҚ жылыжай кешені биыл жүзеге асқан ірі жобалардың бірі.

5,2 гектар аумақта орналасқан жылыжай кешені жылына 1500 тонна қызанақ пен қияр өндіреді. Тартылған инвестиция көлемі - 1 300 млн теңге. Кәсіпкерге 331,5 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Аграрлық өнімдер жылына екі мәрте жиналады Кешенде қажетті климаттық ахуал мен топырақ құнарлығын сақтау процесстері автоматтандырылған.
Шаруа қожалығы 45 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Персонал аграрлық технологияны сақтау мәселесі бойынша дайындықтан өткен.

Қала әкімі Шымкентте тамақ өнеркәсібін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтты. Ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен қамту маңызды міндет екеніні көңіл бөлген Мұрат Дүйсенбекұлы, сала жетекшілеріне бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар