"Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта түріктің "Галатасарай" командасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Тенгринюзке» сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Есепті қонақтар командасы ашты. Бірінші таймның 31 минутында Біләл Кыса гол соқты. Ал екінші таймның 77 минутында түрік командасының ойыншысы Хакан Балта өз қақпасына гол соғып алды. Алайда 86 минутта "Галатасарай" тағы бір гол соқты. Ал осыдан кейін Роджер Каньяс айып алаңының сыртынан баспен соққы жасап, есепті теңестіре білді. Осылайша есеп 2-2.
Кездесу елордадағы "Астана Арена" стадионында өтті. Ойынды тікелей эфирде "ТАҢ" телеарнасы көрсетті.
Еске сала кетейік, бірінші турда екі команда да қарсыластарынан 0:2 есебімен жеңілген болатын. "Астана" Португалияның "Бенфика" командасынан жеңілсе, "Галатасарай" Испанияның "Атлетико" клубына есе жіберген еді.
Пікір қалдыру