ШҚО Ивановка ауылының тұрғыны ауылдасының үйіндегі пердені өртеген. Жалын тез тарап, салдарынан баспананың иесі мен оның жары қаза тапты. Бұл туралы "Қамшы" порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
34 жастағы мас ер адам ауылдасының мүлкін өртеуге бел буды. Оның айтуынша, анасының өліміне ауылдасының қатысы болған-мыс. Түнгі сағат бірде үйге келген күдікті пердені өртеп, ізін суытты. От бүкіл үйге тарап, үй иелері иіс тиіп көз жұмды.
Кек алушы өзінің кінәсын бірден мойындады. Тергеумен бірге жұмыс істеп, ер адам прокуратура ұсынатын жазаға шағымданбайтынына келісті.
Сот айыпталушыны бес жылға жалпы тәртіптегі түрмеге қамау үкімін шығарды.
Пікір қалдыру