Қазақстандық әнші Диана Шарапова «Аралдан ұшқан аққулар» лирикалық композициясына бейнебаян түсірді. Шығарманы ҚР мәдениет қайраткері С.Бәйтереков жазған. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бейнебаянның сюжеті бойынша әнші құрғаған Арал түбін зерттейді,-деді Mironov Entertainment агенттігі.
Әншінің айтуынша, Арал маңы аудандарында болған күндері түсіру тобына ауыр түскен. Өйткені олар экологиялық трагедияның ауқымын өз көздерімен көрді.
Бейнебаянның продюсері Роман Миронов айтқандай, негативті ғана көрсетпей, клип «үмітпен» аяқталады. «Өйткені Қазақстан БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің көмегімен Арал теңізін сақтап қалу және аймақ тұрғындарының өмірін жақсарту үшін қомақты қаржы жұмсап жатыр. 2005 жылы Көкарал бөгеті салынды. Бұл еліміз бен халықаралық ұйымдардың бірлескен жетістігі деп санаймын», - деді продюсер.
Еске сала кетейік, Арал теңізі мәселесін әнші Диана Шарапова ғана емес, сонымен қатар әлемдік жұлдыздар да қозғады. Pink Floyd өткен жылы Louder thanWords композициясына құрғаған Арал туралы музыкалық видеоны таныстырды. Сонымен қатар голливуд актеры Леонардо Ди Каприо өзінің Twitter-дегі парақшасында Арал теңізі трагедиясы туралы пікірін айтып, шөл ортасындағы кеме қалдығы көрсетілген фотоны жариялады.
Пікір қалдыру