Қазақстан бәсекеге қабілеттілік жөнінен Ресейді басып озды

/uploads/thumbnail/20170708195231948_small.jpg

Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінде бәсекеге қабілеттілік рейтингісі бойынша Ресейді басып озды. Бүкіләлемдік экономикалық форум әзірлеген рейтингінде Қазақстан жаңандық бәсекеге қабілеттілік жөнінен 42-орынға шыққан. Бұл туралы «Қамшы» порталы Today.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталмыш рейтингті жеті жыл қатарынан бірінші орында келе жатқан Швейцария бастап, екінші орынды Сингапур иемденген. Ал алғашқы үштікті АҚШ түйіндесе, Германия бұл тізімде төртінші орынға тұрақтаған. Нидерландды биыл бұл тізімде сегізінші орыннан бесіншіге көтерілген.

Үздік ондықта Жапония, Гонконг, Финляндия, Швеция мен Ұлыбритания бар.

Қытай бүкіләлемдік бәсекеге қабілеттілік жөнінен 28-орында.

Ал Қазақстан бұл тізімде 42-орынға табан тіресе, Ресей 45-ті қанағат тұтқан.

Сондай-ақ, ТМД елдері арасында ең үздік көрсеткішке Әзірбайжан иемденіп, 40-орында тұр.

Айта кетейік, БЭФ елдердің бәсекеге қабілеттілігінің рейтінгін 11 көрсеткіш бойынша есептейді, оның ішіне, инфрақұрылым, тауар мен еңбек нарығын нәтижелілігі, білім мен денсаулық сақтау сапасы, елдегі макроэкономикалық ахуал, иновациялар, қаржылық нарықты дамыту мен тағы бірқатар көрсеткіштер кіреді.

Нұрзат Тоғжан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар